Журналистер елімізде жол-көлік оқиғаларының саны үнемі артып отырғанын еске салып, басты себептердің бірі — жылдамдықты арттыру екенін атап өтті.
Әкімшілік полиция комитеті заңдар мен нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бағытында үнемі жұмыс істейді. Қазір қала ішінде көлік қозғалысының жылдамдығын төмендету мәселесін қарастырып жатырмыз. Парламент депутаттары каникулдан оралғаннан кейін бұл мәселені олармен талқылауды жоспарлап отырмыз, – деді Сұлтанбаев.
Бұған дейін ол 2025 жылдың басынан бері жол апаттарынан 176 бала қаза тапқанын хабарлаған болатын.
Комментарии