Бүгін Атырау облысының полиция департаменті осы фактіге қатысты комментарий беріп, балаларды далаға түнеткен ата-анасы заңды құқықтарынан айырылуы мүмкін екенін мәлімдеді.
«Балалардың тәрбиесіне немқұрайлы қарап олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген отбасыдағы 14 және 3 жастағы екі баланың кішісі Сәбилер үйіне, үлкені кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында. Ата-анасы бала тәрбиесімен айналыспағаны және ата-ана құқығын тиісінше орындамағаны үшін бір жыл бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді. Қазір де іс-құжаттар жинақталып, ата-аналық құқығынан айыру мәселесін қарау үшін кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға ұсынылады», — деп хабарлайды полиция.
Комментарии