Бағдарламаға жалпы 3,7 млрд теңге бөлінген, оның 3,1 миллиарды – облыс бюджетінен, ал 629 млн Отбасы банкі есебінен. Бөлінген қаржы есебінен 120-дан астам адам баспана сатып алу мүмкіндігіне ие болады.
Бағдарламаға 18–60 жас аралығындағы, өз атында үйі жоқ ҚР азаматтары қатыса алады.Нақтырақ айтсақ:
Үміткерлер балдық жүйе бойынша іріктеледі яғни, отбасылық жағдайы, балалары, еңбек өтілі және басқа да факторлар есепке алынады.
Қазіргі таңда онлайн өтініш беру қарастырылмаған, өтініштер қағаз түрінде мына мекенжайда қабылданады: Қонаев қаласы, Қонаев көшесі, 7/1, Отбасы банк ғимараты, 1-қабат.
Еске салсақ Ұлытау облысында жылдық 5% жеңілдетілген мөлшерлемемен ипотекаға өтінім қабылданып жатыр. Бағдарлама Сәтбаев қаласында тұратын жұмысшы мамандарға арналған.
Айта кетейік кейбір банктер жылдық 1% немесе одан да төмен мөлшерлемемен ипотека ұсынады. Бірақ бұл тек құрылыс компанияларымен бірлескен арнайы серіктестік бағдарламалар аясында жүзеге асады.
Дереккөз: https://kz.kursiv.media/kk
Комментарии