Ақорданың мәліметіне сүйенсек, ресми сапар 22 тамызға жоспарланған.

«22 тамыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Садыр Жапаровтың шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барады. Бішкекте мемлекеттер басшылары қазақ-қырғыз стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі нығайту мақсатында келіссөз жүргізеді», — деп хабарлайды Ақорда.

Сондай-ақ, Ақорданың мәліметіне сүйенсек, екі президент Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысады.