Бұл оқиға аймақ тұрғындары мен бүкіл елдің назарын аударған еді. Экс-депутат Ынташ Наурызова әлеуметтік желі арқылы үш жасар ұлы Әміре Наурыздың әкесі облыс әкімі екенін ашық мәлімдеген.

Оның айтуынша, Қилыбаймен арада романтикалық қарым-қатынас болған, алайда бала дүниеге келгеннен кейін шенеунік байланысын үзіп, өмірінен кеткен.

Ал әкім Нұрдаулет Қилыбай бұл айыптауларды жоққа шығарып, баланың өзіне қатысы жоқ екенін мәлімдеген.

Кәмелетке толмағандарға арналған соттың бүгінгі шешімі бойынша, облыс әкімі Нұрдаулет Қилыбай баланың әкесі деп танылды. Сондай-ақ, ол баласы кәмелетке толғанға дейін ай сайынғы жалақысының төрттен бір бөлігін алимент ретінде төлеуге міндеттелді.