Мән-жай
Қаржылық мониторинг агенттігі таратқан ақпаратқа қарағанда, мониторингтік топ құрамында болған қатысушылардың бірі, өзінің қызмет бабын пайдаланып, сыбайласымен бірге кәсіпкерлерге тексеріс нәтижелерін «оң шешіп береміз» деген желеумен ақша бопсалаған.
Жымқырылған 88 млн теңгеден астам қаражаттың бір бөлігі коттеджбен автокөлік сатып алуға жұмсалған.
Сот шешімімен күдіктілер 6 және 5 жылға бас бостандықтарынан айырылған.
Үкім әлі заңды күшіне енбеген.
Комментарии