Қанат Айтбаев қалың жұртшылық алдында тұлпарға мінді. Атқа көк түсті ұлттық ою-өрнекпен өрнектелген жабу жабылған. Кей көрермендер бұл түсті Қазақстан туына ұқсатып, әлеуметтік желіде пікір білдірді.

Әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді: бір бөлігі мұны дәстүрлі сый-сыяпат пен құрметтің белгісі деп қабылдаса, енді бір бөлігі мемлекеттік рәмізге ұқсас түстерді ат жабуына қолдануды орынсыз деп бағалады.

«Жабуы артық болыпты. Көк туымыз тек көкте желбіресін. Аттың өзіне тиесілі жабуы бар ғой», — деп жазған олар.