Үкіметтегі брифинг барысында вице-премьер Батыс Қазақстандағы жолдардың жағдайына тоқталды.

«Мысалы, Батыс Қазақстан облысындағы жолдар өте нашар. Су тасқынына байланысты біраз жерді араладым. Жарты жыл уақытымды батыста өткіздім. Мәселені омыртқаммен сезіндім деуге болады», – деді Бозымбаев үкіметтегі брифингте.

Оның айтуынша, бұл өңірде жергілікті де, республикалық маңызы бар жолдарға да барынша қаржы бөлу қажет.