“Театралкаға” келген қонақтары арасында өзара жанжал шығып, кейін ол жаппай төбелеске ұласқан.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері жаға ұстасқан жігіттерді ажыратуға тырысқан. Алайда ашуға булыққан бұзақылар полиция қызметкерлеріне де жұдырық жұмсаған.

“Төбелеске қатысқандардың барлығы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. “Бұзақылық” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деп мәлімдеді қалалық полиция.