«Пилот аясында атаулы әлеуметтік көмек алушыларға азық-түлік ваучерлері беріледі. Ваучер әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті сауда үстемесіз сатып алуға мүмкіндік береді. Пилотты Ақкөл, Көкшетау және Павлодар қалаларында жүргізу жоспарланып отыр. Оған 5 мыңға жуық атаулы әлеуметтік көмек алушы кіреді», — деді сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Үкімет отырысында.

Бұл жоба Парламент депутаттарынан қолдау тауып, қоғамдық талқылаудан сәтті өткен.

Сауда және интеграция министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылатын 15% сауда үстемесін бақылауды күшейтеді.

Сонымен қатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын талдау модулі іске асады.