Бұл туралы Lider.kz волонтерлері мәлім етті. 26 жастағы Дияна Оңғарбаева 21 шілдеде үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

Полиция адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Полиция жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталып, ол уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Қазір аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барлық мән-жайды анықтауға бағытталған», — делінген хабарламада.