Оқыс оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті түсініктеме берді.

«Министрліктер үйінің кіреберісінде өрт қойған 24 жастағы азаматтың жеке басы анықталып, ол полицейлер тарапынан ұсталды.

Өрт Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тарапынан жедел сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.