Orda сайтының мәліметінше, полицияға 47 жастағы Астана тұрғыны шағымданған. Ол танысы өзін зорлағанын айтқан. Оқиға болжам бойынша әскери қалашықта болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, күдікті — полковник, ҚР Ұлттық қорғаныс университетінің қызметкері.

– Өтініш қаланың 47 жастағы тұрғынынан келіп түсті. Күдікті жәбірленушіге таныс болып шықты. Күдікті анықталып, полицияға жеткізілді, – деп мәлімдеді полиция департаменті.

Полиция мәліметінше, қазір іс бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.