«Адам хорионикалық гонадотропинін (ХГЧ) тапсырдым. Сосын аналарымызға айттық», – дейді Таңшолпан.
Блогер Елдостың айтуынша, бұл жаңалықты ерекше әрі әсерлі жеткізу үшін жақындарын арнайы дайындап, «видео түсіреміз» деп алдаған.
«Үшеуінің де көзін жаптық. Анам мен келініміз көзін жұмғанда, қолдарына сәби киімдерін ұстатып қойдық. Анам айқайлап жылады. Мені емес, Таңшолпанды құшақтады ғой», – деді блогер.
Одан кейін Елдос бұл қуанышты жаңалықты інісіне де айтып, ол да көзіне жас алғанын жеткізді. Қуанышты сәттің келесі кезеңі – Таразға барып, Таңшолпанның ата-анасына айту болған.
Күні кеше блогерлер отбасы баланың жынысын анықтауға арналған ерекше кеш – «гендер пати» өткізді. Нәтижесінде, ел алдында ұл баланы күтіп жүргендері белгілі болды.
Желі қолданушылары бұл сәттің әсерлі өткенін айтып, видеоны көріп жылағандарын жазып қалдырған.
Комментарии