Видеода Мөлдір Мұқан бөтен ер адаммен бірге бақытты отбасының құпиясы туралы ой бөлісті.

«Сен үшін бақытты отбасы деген не?» — деп сұрайды бейтаныс ер адам.

Әзілкештің жұбайы маңайындағы қария ерлі-зайыптыларға көз жіберіп, былай деп жауап қайтарады:

«Мәңгілік және адал отбасы», — дейді Мөлдір Мұқан.

Айта кетейік, жуырда Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйел алғаны туралы сыбыс тараған болатын. Артынша, көп ұзамай Мөлдір Мұқанның жас жігітпен ән орындап, бейнеклип түсіргені хабарланған.