ТОЛЫҒЫРАҚ
Оның сөзінше, қазір нысанның балансын өз мойнына алатын ұйым ізделіп жатыр, бұл бағытта жерлеу қызметін көрсететін агенттіктермен келіссөздер жүргізілуде.
Депутат мәселенің өзектілігін Алматыдағы зираттардың тапшылығымен байланыстырды. Қаладағы 70 зираттың 61-і жабық, жаңа жерлеу орындары жоқтың қасы.
Сонымен қатар, крематорийдің қажет болуының тағы бір себебі медициналық және биологиялық қалдықтарды жою қажеттілігі. Мәжілісменнің айтуынша, бұл мекеме күніне 16 мәйітті кремациялай алады.
КОНТЕКСТ
Еске салайық, бірнеше жыл бұрын Алматы қаласының әкімдігі қаладағы алғашқы крематорий құрылысына 1,5 миллиард теңге бөлінгенін хабарлаған болатын. Алайда, төрт жыл өтсе де, нысанды басқаруға жауапты ұйым табылмаған, ал бюджет қаржысы әлдеқашан игеріліп қойған.
Комментарии