«1 медаль = 1 машина. Бүгін әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанғаныма Jenys клубы көлік атады. Ел мерейін үстем еткенде клубымыз да бізді әрқашан қолдап, жетістігімізге ерекше қуанып отырады. Өте қуаныштымын және Jenys клубыма ризашылығымды білдіремін», – деп жазды спортшы.
Аталған клуб бұған дейін де халықаралық жарыстарда топ жарған спортшыларды ынталандырып, ел намысын қорғағандарға жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Бұл жолы да Әлем чемпионатындағы табысты нәтиже елеусіз қалмады.
Осыған дейін Париж Олимпиадасына қатысып, 5-орын алған спортшыға оны қолдаушылар 3 рет көлік сыйлаған еді.
Комментарии