МӘН-ЖАЙ

Куәгерлердің айтуынша, аппарат Болашақ станциясы маңынан табылған. Бұл туралы тиісті органдарға хабар берілген. Оқиға орнына құқық қорғау және төтенше жағдай қызметкерлері жіберіліп, мән-жай анықталып жатыр.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, табылған нысан – ұшқышсыз басқарылатын аппарат (дрон).

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Маңғыстау облыстық полиция департаменті бұл жайтқа қатысты түсінік берді. Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, ұшатын аппарат елді мекендерден шалғай жерде табылған.

– Ешқандай залал келтірілмеген. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – дейді ведомство өкілдері.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін БҚО-да Ресеймен шекаралас ауданда үш дрон құлаған болатын.