Куәгерлер мен мамандардың айтуынша, дауыл кезінде желдің екпіні секундына 43 метрге дейін күшейген. Бұл аймақ үшін рекордтық көрсеткіштердің бірі саналады.

Сонымен қатар, Май және Павлодар аудандарында ғимараттардың зақымдануы тіркелді.

Дауыл салдарынан бірнеше елді мекенде электр энергиясы мен байланыс желілері үзілді. Қазіргі уақытта Ақсу қаласында және Баянауыл ауданында электр қуатының өшуі тіркеліп отыр. Қазіргі таңда энергетик мамандар 16 электр бағанасын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған 300-ден астам маман мен 103 техника бірлігі жұмылдырылған.

Айта кетейік, Ақсу қаласында дауыл кезінде құлаған ағаш әйелдің кеуде тұсына кіріп кетіп, көз жұмғаны хабарланған болатын.