ТОЛЫҒЫРАҚ

АҚШ Мемлекеттік департаменті жаңа ережелер енгізді. Енді Америкада білім алуға виза алуға өтініш берген шетелдік студенттердің әлеуметтік желідегі аккаунттары тексеріледі. Бұл талап консулдық қызметкерлерге өтініш берушілердің «жаулық көзқарасы» бар-жоғын анықтау үшін енгізіліп отыр.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРҒА КЕҢЕС

Сенаттың дәлізінде сөйлеген министр Саясат Нұрбек студенттерге маңызды ескерту жасады.

– Визаға өтініш бергендердің әлеуметтік желілеріндегі жазбалары олардың саяси көзқарастарына, белгілі бір ұстанымдарға қолдау білдіріп-білдірмегеніне байланысты тексеріледі. Бұл – АҚШ-тың ресми саясатына қайшы келетін пікірлер болуы мүмкін. Сондықтан барлық студенттерге ескерту жасағым келеді: аккаунттарыңызды тазалап шығыңыздар, өте мұқият болыңыздар. Себебі бұл – АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми мәлімдемесі, – деді ол.