Оқиға Egov.Press Telegram арнасында жарияланған бейнежазбадан белгілі болды. Онда балабақша қызметкері жерде отырған баланы бірнеше рет ұрып, кейін диванда отырған екінші балаға да күш қолданғаны анық көрінеді.

Бейнежазба астындағы жазбада:

«Ата-аналардың айтуынша, мұндай әрекеттер жиі кездеседі. Бүлдіршіндерге үнемі күш көрсетіледі», – делінген.

Астана қалалық Білім басқармасының хабарлауынша, бейнебақылау жүйесіндегі жазбада күш қолдану фактісі расталған.

«Тәрбиеші көмекшісінің бүлдіршінге күш көрсеткені дәлелденді. Қызметкер еңбек тәртібін өрескел бұзғаны үшін жұмыстан босатылды», – деп хабарлады ведомство.

Аталған оқиғаға байланысты материалдар полиция департаментіне жолданды. Қазіргі таңда қылмыстық іс аясында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.