Кейде ChatGPT араб сөз тіркестеріне, кітапқа сілтеме жасаса да, болжамды жауап береді дейді.

«Шындығында келтірілген дәйексөздер аталған кітапта да, фикһтың басқа дерек көздерінде де кездеспейді. Сондықтан шариғат мәселелерінің шешімін теологтар мен мамандардан іздеу керек», – деп атап өтті Өзбекстан мұсылмандары басқармасы.

Олар мүміннің білімді қайдан және кімнен алатынын нақты білуі қажет деп қосты.

Бұған дейін ChatGPT Қазақстанда қосылған құн салығын төлейтіні айтылды.