Айнұр Тұрсынбаева қазір шет елде өмір сүреді. Ол күні кеше Сәкен Майғазиевтің тойына қонаққа келіп, кіндік ана атанған.

«Менің кіндік баламның тұп-тура мен Алматыға келген күні дүниеге келгенін айтсаңыздаршы. Мені күтіп жатқан ғой», — деп жазды ақын.

Ақын сондай-ақ балаға арнап өлең шығарған. Баланың аты – Батыр.

«Әкесі дүлдүл,
анасы бұлбұл!
Кіндік шешесі ақын,
Өзі Батыр!
Қазаққа жақын
Ұл туып жатыр…», — деп жазды ақын.

Айта кетейік, бүгін Райымбек Бақтыгерей үшінші баласының туғанын жазып, сүйінші сұраған.