10 маусымда болған төтенше жағдайдың видеосы әлеуметтік желіде тараған болатын.
Маңғыстау облысы экология департаментінің мәліметінше теңге ауылынан 500 метр жерде ұңғымадан мұнай сыртқа атқылап, ауаны ластаған.
«Атап айтқанда, төтенше жағдай сағат 8:30 шамасында «Petro НефтеГазсервис» ЖШС-нің № 553 ұңғымасында бұрғылау жұмыстарын жүргізу кезінде болған», — деп жазылған хабарламада.
Сағат 08:40-та мекеме қажетті жұмыстарды бастап, төтенше жағдай оқшауланған.
Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің зертханалық-талдамалық бақылау бөлімі аталған аумақта атмосфералық ауаны аспаппен өлшеу жұмыстарын жүргізді.
Өлшеу нәтижесі мен қабылданған шаралар қосымша хабарланады.
Комментарии