Мәліметтерге сенсек, жер сілкінісінің эпицентрі көршілес Мьянмада орналасқан: ондағы жер асты дүмпулері 7,7 балға дейін жеткен. Ал Бангкокта биік ғимараттар қатты шайқалып, эвакуация жарияланды. Мыңдаған адам көшеге жүгіріп шықты.
Куәгерлер құрылыс жүріп жатқан биік ғимараттың құлағанын хабарлады.
Еске салайық, бұған дейін 28 наурызға қараған түні қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді. Оның эпицентрі республика аумағында Алматыдан 323 шақырым оңтүстік-батыста орналасқан. Жер сілкінісінің есептік қарқыны: Меркі ауылы – 5 балл, Құлан ауылы – 4 балл, Шу қаласы, Тараз қаласы, Төле би ауылы, Сарыкемер ауылы, Қордай ауылы, Аса ауылы, Мойынқұм ауылы – 2 балл. Бұдан бөлек, 28 наурызда Астана уақытымен 06:17-де Қырғызстан аумағында 4,4 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді.
Комментарии