Үкіметтің мәлімдемесінде барлық мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қаралы күн тәртібін ұстануға міндетті екені айтылды. Оны бұзғандарға қатаң санкциялар қарастырылған. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін елдің денсаулық сақтау жүйесінің барлық ресурстары жұмылдырылды.

Сонымен қатар оқиғаның объективті және жедел тергелетініне кепілдік беріліп, барлық ақпарат ашық түрде жарияланатыны хабарланды. Халықаралық көмек сұрау механизмі де іске қосылды.

Солтүстік Македонияның ішкі істер министрі Панче Тошковски қаза тапқандар саны 59-ға жетіп, 155 адамның жараланғанын мәлімдеді. Қалалық аурухана меңгерушісі Кристина Серафимованың айтуынша, қаза болғандардың жасы 14 пен 25 жас аралығында. Бұл трагедия бүкіл елді дүр сілкіндіріп, Солтүстік Македония халқы қаза тапқандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтуда.