Қауіпсіз интернет күні аясында TikTok пайдаланушыларды цифрлық сауаттылық негіздеріне үйретуге арналған және қазақ тілді аудиториясына жолданған «Ең Алдымен Қауіпсіздік» жаңа білім беру жобасын іске қосады, сондай-ақ 2024 жылы Қауымдастық ережелерін бұзу себебінен жойылған контент санымен бөліседі.

Ақпан айының екінші аптасында бүкіл әлемде атап өтілетін Қауіпсіз интернет күні цифрлық технологияларды, әсіресе жастар арасында, қауіпсіз әрі жауапты пайдалануға назар аударуға бағытталған. TikTok қысқа бейнероликтердің жетекші платформасы шығармашылыққа бағытталған ұйымшыл ортаны қалыптастыруға ықпал ете отырып, Қазақстандағы жергілікті қауымдастықтың қауіпсіздігін абсолютті басымдыққа қояды. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында TikTok әлемдегі ең инновациялық технологияларды қолданып, ондаған мың кәсіпқой мамандардың қызметіне жүгінеді. Атап айтқанда, платформаның 24/7 форматындағы модерациясы Қауымдастық ережелерін бұзатын бейне-контентті жояды және ашықтықты сақтау аясында TikTok тоқсандық есептерінде жойылған контент санымен бөлісіп отырады. Мәселен, 2024 жылы Қазақстанда:

TikTok кәмелетке толмаған пайдаланушылар секілді осал топтардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударады. TikTok платформасы 13 жасқа толған пайдаланушыларға ғана арналған. Платформаның модераторлар тобы бұл жасқа толмаған пайдаланушыларға тиесілі есептік жазбаларды анықтап, жойып отырады. Мәселен, 2024 жылы Қазақстанда 13 жасқа толмаған пайдаланушылардың 1,9 миллион есептік жазбасы жойылды.

Қауіпті контентті белсенді түрде жоюмен қатар платформа пайдаланушылар үшін қауіптердің алдын алуға, оның ішінде өз қауымдастығының біліміне көңіл бөлуге тырысады. Қазақстанда TikTok цифрлық сауаттылық негіздерін оқытатын бастамаларға белсенді инвестиция салуды жалғастыруда. Осылайша, 2023 жылы платформа «Қауіпсіздік академиясы» ауқымды жобасын іске қосты, оның шеңберінде пайдаланушылар өздерін онлайн-буллингтен және басқа да цифрлық қауіптерден қалай сақтануды, онлайн және оффлайн өмірдің тепе-теңдігін қамтамасыз етуді, фейктерді шындықтан ажыратуды және т.б. көптеген нәрселерді үйренді. Жоба аясындағы оқыту роликтері 100 мыңнан астам рет қаралды.

Қауіпсіз интернет күніне орай TikTok танымал контент авторлары жасаған ‘Ең Алдымен Қауіпсіздік, қазақ тілінде оқытатын роликтердің жаңа сериясын іске қосты. Роликтер пайдаланушыларға платформадағы негізгі мінез-құлық ережелерін еске түсіруге арналған:

Сондай-ақ Astana Hub IT-стартаптардың халықаралық технопаркі жоба серіктесіне айналды және оның командасы киберполиция кейіпкерлері қызықты экшн-форматта пайдаланушыларды әртүрлі цифрлық қауіптерден құтқарып отыратын CyberКүзет атты бейнероликтер сериясын жасап шығарды.

 

TikTok туралы

TikTok – бұл қысқа бейнебаяндар жасауға арналған жетекші қосымша. Біздің мақсатымыз – адамдарды шығармашылыққа шабыттандырып, бақытқа бөлеу.