«Кешірім өтінемін, әрине, бірақ біз «шайтан қууға» лицензия бермейміз. Ол өтірік. Ондай фактілер болса, тексеру керек. Бұл сұрақты талқылау қажет. Егер қоғамда бұл мәселе өткір тұрса, министрлік назар аударып, тиісті органдар араласу керек», — деді ол.
Тимур Мұратов осы мәселені денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназароваға міндетті түрде хабарлауға уәде берді.
«Мұны министрге міндетті түрде жеткіземін», — деді ол.
Айта кетейік, осыған дейін бұрынғы күзетші, қазіргі емші Кейқуат Оспановтың тағы бір баладан «жын шығарған» қорқынышты видеосы тарағаны туралы хабарланған.
Комментарии