Оның айтуынша, әзірге қаланың экологиялық проблемаларынан толығымен арылу мүмкін емес.

«Қазір ауаны негізінен өнеркәсіп нысандары, ЖЭО ластайды, оған автокөлік, жеке сектор қосылады. Желсіз, тымық күндері қара күйе мен көптеген ластаушы бөлшектер жерге «қонады». Сол себепті әзірге біз бұдан құтылмаймыз. Бізге ластаушы қалдықтарды азайту бағытында жұмыс істеу керек, біздің жасап отырғанымыз да осы», — дейді ол Үкіметте өткен брифингте.

Министр Сәтбаевтағы қара қар үшін айыппұл салынып-салынбағанынан хабарсыз екенін айтты.

«Мен ол күндері еңбек демалысында болған едім. Бірақ сіздерге қосымша ақпарат ұсынамыз», — деп уәде берді Нысанбаев.