«Өзім ет жемейтін едім, Астанаға көшкелі отбасымызбен осылай екі жылқы сойып алатын болыппыз», — дейді әнші.

Әншінің бұл сөзі желі қолданушыларының қатаң сынына ұшырады.

«Етін, тамағын мақтанып көрсететіндерді түсінбеймін, ас болсын, әрине! Бірақ бұлай көрсетіп мақтану асыра сілтеу деп ойлаймын», «Ішетін тамақты салу — дым көрмегендік. Ешкім аш жүрген жоқ қазір. Ұят қой», «Етке де көз тиеді, бекер көрсеттіңіз», «Мәссаған, бақка мақтанатын зат қалмады ма?», деп пікір қалдырған әншінің оқырмандары.