МӘН-ЖАЙ

Бұл туралы ақпаратты CNN телеарнасы сенімді дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады.

“Сайланған президент Дональд Трамп өз көмекшілеріне ант қабылдағаннан кейінгі күндері Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуді ұйымдастыруды тапсырды”, – делінген хабарламада.

Әңгіме барысында Украинадағы соғысты тоқтату мақсатында жеке кездесу ұйымдастыру мәселесі талқыланбақ.

Бұған дейін дереккөздер Трамп пен Путиннің кездесуі Қазақстанда өтуі мүмкін екенін хабарлаған болатын.