СОТ НЕНІ АНЫҚТАДЫ   

Қаланың бұрынғы әкімі Қайрат Оразбаев өз қарамағындағыларға, бөлім басшыларына К.Н және К. Е-ге рекреациялық аймақта 8 жер учаскесін беруді тапсырген. Олар заңды бұзып, рекреациялық және санитарлық аймақтарда 18 учаскені беріп жіберген. Ол үшін К.Н комиссияның құжаттарын қолдан жасап, онда жоқ өтініштерді қосқан.

– У.К, К.Е және И.Ж-ға ағылған айыптаулар нақтыланбайды. Қандай құжаттарға (жер учаскесін таңдау актілері, жер комиссиясының хаттамалары және т.б.) жалған мәліметтер немесе түзетулер енгізілгені де жазылмаған. Аталған сотталушылардың құжаттарға жалған мәліметтер енгізу фактілері анықталған жоқ, — деп атап өтті сотта.

СОТ ШЕШІМІ   

Қайрат Оразбаев пен К.Е. лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды. Экс-әкімге 3 жыл бас бостандығын шектеу, К.Е-ге 5 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Үшінші сотталушының 6 жылға бас бостандығын шектелді.

Үшеуі де өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырылған.

И. Ж қылмыс құрамының болмауына байланысты толығымен ақталған. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.