Министрліктің мәліметіне сүйенсек, дәл бүгін Қазақстанда бұндай бүлдіршіндердің саны 21 387 бала.

«Бұл балалардың ішінде 17 660 бүлдіршінді отбасылар асырап алған.  Еліміздегі жетім балалардың 82% өз еліміздің азаматтары қамқорлығына алған. Биыл 3 мыңнан астам бала отбасы тәрбиесіне берілді», — деп хабарлайды министрлік.

Айта кетейік, Қазақстандағы жетімдер үйінде жан түршігерлік жайттар орын алып тұрады. Мәселен, бұған дейін Павлодар облысындағы жетімдер үйінде 8 қыз баланы зорлады деген күдіктілер қамалғанын хабарлаған едік.