Пойыздарға интернет тарту үшін Қазақстан OneWeb корпорациясымен келіссөз жүргізген.
«Біз түрлі технологияларға талдау жасадық. Ең оңтайлысы Starlink, OneWeb сияқты төмен орбиталды спутниктер арқылы таратылатын интернет деген шешімге келдік. Қазір OneWeb-пен келіссөз жүргіздік, қаңтар айында ҚТЖ-мен бірлесіп, пилоттық жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Оның нәтижесі бойынша интернет сапасына қаншалықты көңіліміз толады, соған байланысты бізге ұсынатын тариф бойынша шешім қабылданады», — деді Коняшкин Мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Әрі қарай пилоттық жобаны масштабтау бойынша шешім қабылданады, деп атап өтті вице-министр.
Комментарии