Бұл лауазымға Гаджи Гаджиев отырды.

«Жанат Түсіпбеков ұйым басшысы ретіндегі өкілеттігін мерзімінен бұрын аяқтағанын жариялап, өз орнына Гаджи Гаджиевтің кандидатурасын ұсынды», — делінген ҰОК хабарламасында.

Астанада өткен қорытынды конференцияға қатысушылар бұл шешімді бірауыздан қолдады.

Айта кетейік, биыл жазда Парижде өткен Олимпиада ойындарына бірде бір қазақстандық ауыр атлет лицензия ала алмаған болатын.