Жалпы, Қаржы мониторинг агенттігінің мәліметіне сүйенсек, қаржы пирамидаларына қатысты 68 қылмыс тергеліп біткен. Олардан болған шығын 20 млрд теңгеден асып кеткен.

«Жыл басынан бері интернет кеңістігінде 47 қаржы пирамидасы анықталды. Оларға қатысты әлеуметтік желілерде 300-ге жуық чат жабылды. Осы чаттарға кірген 2 миллионға жуық адам ақшаларын қаржы пирамидаларына сала жаздаған», — деп хабарлайды ҚМА.