Антикор мәліметінше, ол мүгедектерге ымдау тілі мамандары сурдоаударма қызметтерін көрсетті деп өзінің шотына 115 млн теңге сомасында бюджет қаражатын аударым жасау арқылы иемденді деген күдікке ілінді.
Тергеу жалғасуда.
«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», — делінген хабарламада.