Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкек қаласына Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін барды.

Мемлекет басшысын Манас әуежайынан Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы – Қырғызстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров қарсы алды.