Өнер иесінің жұбайы жеке парақшасында отбасылық видео жариялап, гендер патиден үзіндіні бөлісті. Үшінші перзентін әнші де, оның жары да ұл болады деп күткен көрінеді.
“Осындай сый бергеніне Аллаға шүкір! Жұғысты болсын баршаңызға», – деп жазды Мархабат Бесбаева.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, сәбиге ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.
“Менің қыздарымның есімі Кәусар мен Айзия”,, “Артынан інісі ерсін», «Ұл жалғассын енді», «Ұл болсын, қыз болсын саналы, тәрбиелі болсын!», «Мейрамбекке жанашыр болады, қос қарлығашы», “Ұлының көңіл күйі түсіп кетті”, – деп жазды желі қолданушылары.
Еске салайық, Мейрамбек Бесбаевтың үшінші рет әке болатынын естігендегі реакциясы көпшілікті сүйсіндірген еді.