Суыт хабар жайлы @yedilovonline телеграм-арнасының авторы Ербол Еділов жазды.

«Светлана Мырзахметқызы Назарбаева 77 жасында дүниеден озды. Орны толмас қайғыға байланысты марқұмның жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Иманы саламат болсын!»,- деп жазды ол.

Айта кетері, Светлана Назарбаева – бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісінің жұбайы, Қайрат Сатыбалды мен Самат Әбіштің анасы.