Елдің оңтүстігіндегі жаға ұстатарлық жағдай туралы Қазақстанның бала құқықтары жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева мәлімдеді.
«Өңірлік уәкілмен бірге 6 жыл бойы туған екі ағасынан зорлық-зомбылық көрген 13 жастағы қыздың ісімен жұмыс істеп жатырмыз. Қылмыстық іс қозғалды, қыз анасымен бірге қауіпсіз жерге көшірілді, қажетті көмектің бәрі көрсетіліп жатыр», — деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Осы жайттан кейін аудан әкімінің орынбасары мен мектеп директорына қатысты шара қолданылған.
Белгілі болғандай, қыз оқитын мектеп – ауылдағы жалғыз білім ошағы. Бала психолог жинаған сауалнамада зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы сигнал берген, бірақ оны ешкім елемеген.
Зәкиева лауазымды тұлғаларды немқұрайлығы үшін жауапқа тарту мақсатында прокуратураға жүгінгенін айтты.
Комментарии