Оның сөзінше, сыраның ақшасын төлеуден бас тартқан жігіт Шерзаттың әкесіне бейәдеп сөздер айтқан. Мұны естіген марқұм әкесін қорғау мақсатында әңгімеге араша түскен. Алайда сатып алушы-күдікті өз дөрекілігін жалғастыра берген.
Сөзталастан кейін Шерзат оны ұрып жіберген, сосын жігіттер мәселені шешіп сөйлескендей болған. Бірақ шабуыл жасаған адам біреуге қоңырау шалып, оқиға орнына үш көлік келіп жеткен.
Дәл сол уақытта Шерзат өзінің туыс ағасы Нұрқанатты шақырады. Марқұмға пышақ жарақаты тиген сәтте, ағасы оған «қаш» деген. Алайда 10 метрдей жерден кейін Шерзаттың жүруге шамасы болмаған.
«Нұрқанат аға, келіңізші. Маған бірдеңе тығып алды деп мені шақырды. Бұл оның соңғы сөзі еді», — деді ағасы.