Тоқаев Ақордаға келген шетелдік қонаққа гүл сыйлап, ілтипат танытты

2024-06-03 14:30:00

«Сіздің басшылығыңызбен көпжақты халықаралық сауда жүйесі қазіргі кедергілерді жоюға және тең жағдай жасауға бағытталған үлкен трансформациядан өтетініне сенімдіміз. Сіздің Алматыға сапарыңыздың маңызы зор. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, тығыз ынтымақтастығымыз үшін өзіңізге ризашылығымды білдіргім келеді. Ұйымға мүше елдер министрлерінің 12-ші конференциясына төрағалық ету – Қазақстан үшін үлкен жауапкершілік әрі мәртебе. Аталған жиын барысында ДСҰ мүшелері ұйымды реформалау туралы маңызды шешімдер қабылдай алды», – деді Президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, күшейіп келе жатқан жаһандық протекционизм мен сауда шектеулеріне қарамастан, Қазақстан экономикасы ашық ел ретінде өз позициясын нығайта түсуге ұмтылады. Қазіргі кезде біз әлемнің 180 елімен сауда-саттық жасаймыз. Соңғы үш жылда еліміздің сыртқы саудасының көлемі 53 пайызға ұлғайып, 160 миллиард долларға жетті.

Президент жуырда Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы Жарлыққа қол қойғанын жеткізді. Бұл құжат әділ бәсекені күшейтуге, кәсіпкерлік еркіндікті сақтауға және мемлекеттің экономикадағы үлесін азайтуға бағытталған.

Нгози Оконджо-Ивеала ДСҰ-ға мүше елдер министрлерінің 12-ші конференциясының төрағасы ретінде халықаралық сауда саласындағы маңызды шешімдерді қабылдауға Қазақстанның қосқан үлесін жоғары бағалады

Президент осы күндері Алматыда өтіп жатқан Орталық Азияның сауда саясаты жөніндегі Екінші форумының өңірдегі экономикалық ынтымақтастық пен сауда-саттықты ілгерілету, сондай-ақ көршілес елдерді көпжақты сауда жүйесіне интеграциялау тұрғысынан мәні зор екеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нгози Оконджо-Ивеаланың көпжақты сауда жүйесін және Дүниежүзілік сауда ұйымының рөлін нығайту ісіне қосқан үлесін Қазақстан тарапы жоғары бағалайтынын атап өтіп, оны ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

 

Последние новости

03.06.2024
«Бұл — біздің соңғы кездесуіміз”: Қайрат Сатыбалдының бұрынғы күйеу баласы сотта өзіне көрсетілген қысым туралы айтты
03.06.2024
Қазақстан тәлібтерді террорлық ұйымдар тізімінен алып тастады: себебін Тоқаев айтты
03.06.2024
Палестина, Ауғанстан мен ҰҚШҰ жаттығуы жайлы немесе Тоқаевтың геосаясаттағы месседжі
03.06.2024
Роман на лето: пять громких экранизаций классики
03.06.2024
«Алматы – мәдени астана»: жөргек киген қозы автобусты кезіп жүр
03.06.2024
Алматыда ер адам балалар алаңында шалбарын шешіп жүрген
03.06.2024
«Кеш болмай намазға келуді нәсіп етсін»: Ерке Есмаханның жаңа киімі ел назарын аударды
03.06.2024
Түркістан облысында көшеде еңбектеп жүрген 10 айлық сәби табылды