Қанат Шарлапаевтың айтуынша, халықты қоныстандырып, үйлерді салып, сатып алу шаруасы Қазақстандағы бизнесмендердің ақшасына жасалады.
– Кей аймақтарда баспана мәселесі құрылысты қаржыландыратын компанияларға жүктелген. Бұл тұрғыда мемлекеттің рөлі — үйлестіру, учаскелерді таңдау және инфрақұрылымды жүргізу. Құрылысты қаржыландыруды ұсынатын кәсіпкерлер жүзеге асырады, өйткені олардың қатысуы қаржымен, сараптамамен қамтамасыз етіледі, бұл процеске көп құрылыс компаниясы қатысады, – деді ол.
Қазақстандағы су тасқыны
Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.
Ал, су тасқынынан қатты зардап шеккен өңірлердің бірі Құлсары халқы бірнеше рет наразылыққа шыққанын хабарлаған едік.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан алаңға жиналған бір топ азаматты көруге болады. Бейнежазбадан олардың өте көп екендігі байқалады. Бұлар өз талабын айтып шыққан азаматтар. Олардың барлығының баспаналары су тасқыны кезінде жарамсыз болып қалған.
“Біз сауатсыз емеспіз. Қанағат қылып 400 мыңнан есептеп отырмыз. Соның ісіне сарайы да, қорасы да кіреді,” — деп өз талаптарын жеткізді.
Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Құлсары тұрғындарына барып, су тасқынынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу тәртібін түсіндірді.