Агенттіктің жазуынша, Ақтөбе қаласы Кірпішті тұрғын алабы маңында үлкен қорым бар. Мұнда қазақтармен қатар өзге этнос өкілдері де жерленген. Кіреберістің сол жақ бөлігінде орналасқан Әлішевтің ескерткіш мүсіні 2022 жылы салынған.
«Өзінің ескерткішін 2022 жылдан бастап бар болғаны 2-3 айда гранит тастан өз ескерткішін құйды. Бірақ, зиратта сатылмайды», — деді Кірпішті тұрғын алабындағы орыс зиратының әкімшісі Сәбит Дүйсенов.
Оның айтуынша, зираттағы жер телімі тегін берілген, бірақ, қабір қазу үшін , 90 мың теңге төлеу керек.
Ал, көзі тірі кәсіпкер зиратының оң жағына «Бақытты өмірдің белгісі: Абырой, бала-ұрпақтарың», ал сол жағына «Тынымсыз іздену, мазасыз тірлік — мұратың» деп жаздырған.
«Мен 86 жастамын. Осыдан екі жыл бұрын қаңтарда құлап, белім сынып қалып, жаттым. Сол кезде өз балаларымдай болған бастықтар келіп, денсаулығымды сұрады. «Ағаларыңның өліп қалатын түрі бар, жүре алмайды. Алматыда балаларым, інілерім, жақын достарым көп. Жер берсеңдер, солар барлығын жасап береді» деп айттым. Ал зираттың орнын қырдың үстінен өзім таңдап алдым. Жер берген кісілерді кінәлайтын ештеңе жоқ. Сұраған мен кінәлі. Мен салдым», — деді кәсіпкер Қуандық Әлішев.
«ҚазАқпараттың» хабарлауынша, Қуандық Әлішев – Ақтөбе облысы Темір ауданының тумасы. Алматы зоотехникалық-мал дәрігерлік институтында білім алып, ғылыми еңбектер жазған. Қаракөл қойы қозысының ерекше түсті елтірісін алу жолын ұсынған. Түрлі жылдары спирт зауыты, шошқа фермасы, құс цехы болды. Қазіргі кезде көпқабатты үй салып жатыр.