Риддерліктер үшін кезекті мәселенің түйткілі шешіліп, халық игілігіне 25 жаңа автобус берілді. ШҚО әкімі Ермек Көшербаев Риддерге жұмыс сапары барысында тұрғындармен бірге жаңа автобустардың кілтін табыстау салтанатына қатысты.
Еске салайық, өткен жылы өңір басшысы моноқалаға алғашқы жұмыс сапары кезінде Татьяна Морозова есімді тұрғын қоғамдық көлік тапшылығы мәселесін көтеріп, оңтайлы шешімін табуды сұраған еді. Бүгінде риддерлік тұрғын облыс әкімімен бірге автобус кілтін табыстау салтанатында бой көтерді.
Сатып алынған 25 жаңа автобус іргелес Абай облысында құрастырылған. Аталмыш қоғамдық көліктер заманауи құрылғылармен жабдықталып, электронды билет жүйесі енгізілген. Сондай-ақ, тұрғындар көлік қозғалысын онлайн режимде бақылай алады. Жалпы автобустар жолаушылардың қажеттілігін толық қамтамасыз етуге қауқарлы.
Қалада көлік компаниясы құрылды. Компания жетекшісі Григорий Пинчуктың айтуынша, тұрғындар қажет деп таныса алдағы уақытта тағы да автобустар сатып алынуы мүмкін. Ал әзірге темір тұлпарлардың саны қаланың маршруттың желісін толық қамтиды.
Дереккөз: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі