Сапаров не дейді?
Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты. Одан биыл қант қат өнімге айналмай ма деп сұралған еді.
– Жалпы қанттың қажеттілігі жылына 550 мың тонна. Жыл басынан бері бізде 90 мың тонна қант бар. Одан басқа біздің алатын 120 мың тонналық квотамыз бар. Одан басқа пошлинасыз кіргізетін 300 мың тонна қар құрағымыз бар. Сондықтан, бізге қант жетеді деп айтуға болады. Бірақ арғы күні мен Ресей ауыл шаруашылығы министрімен сөйлестім. Қосымша тағы 80 мың тонна жеткізу туралы. Кім біледі, ертең жағдай әртүрлі болып кетуі мүмкін. Дайын болуымыз керек. Қант жағы 100 пайыз қамтылады деп ойлаймын, – дейді ол үкіметтің баспасөз орталығында.
Қант экспортына тыйым
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Үкіметі жаздың соңына дейін қант экспортына тыйым салған еді. Бұндай қадам ішкі нарықты толықтай қамтамасыз ету үшін жасалып отырғанын мәлімдеді жауапты министрлік. Қазіргі уақытта қоймалардағы қант қорларының және Қазақстанға импорт көлемдерінің теңгерімі шамамен 256 мың тоннаны құрайды, бұл елдің жылдық қажеттілігінің жартысы (500-550 мың тонна).