Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

«Қалған ақшаның бір теңгесін де қайтарған жоқ»: Ақтөбеде ерекше балалардың ата-аналары қайырымдылық қорының иесін алаяқтық жасады деп айыптады

Поделиться:

Ақтөбелік Темірхан Арун баласының Алматыда 11 химия терапиясынан өткенін айтты. Алайда қор емге керек қалған ақшаны бермей қойған.

«Алматыда 11 химия терапиясынан өттік. Одан Мәскеуде өттік. Содан былтыр қыркүйек айында «Море лайфқа» хабарласып, көмек сұрадық, осылай баламызды шетелге апаруға деген. Біз бес күнде 5 миллион жинап тапсырдық. Ол ақшаның тек бізге жұмсағаны 230 мың теңге. Астанаға барып-келуге жұмсалды. Қалған ақшаның бір теңгесін де қайтарған жоқ», – деді Темірхан Арун.

Баласының еміне дауа іздегендер енді құзырлы органдардан көмек сұрап жүр. Қайырымдылық қоры олардың ұл-қызын алыс шет мемлекеттердің медициналық орталықтарына апарамыз деп сендірген.

Тек ата-аналардан видео үндеу жаздырып, балаларды суретке түсіріп алады. Ең қызығы, ақшаны мүгедек баланың отбасы өзі жинап, оны қолма-қол қорға 5 миллионға толғанда беріп отырады. Ақыры шетелдегі ем де жоқ, ақша да жоқ, алдап кетеді. Қазір қайырымдылық қорға қатысты алты ата-ана арыз жазған. Қор басшысы қамауға алынды. Келтірген шығын – 30 миллион теңге. Құзырлы органдағылар зардап шеккендер одан да көп болуы мүмкін дейді.

Ал Ақтөбе прокурорының орынбасары Нұрлан Қалдығожин тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Тергеу әрекеттері басталып кетті. Сонымен қатар кеше, яғни 16 сәуір күні осы қайырымдылық қордың жетекшісі Қылмыстық процестік кодекстің 128 бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану мәселесі шешіліп жатыр», – деді Нұрлан Қалдығожин.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также