Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

Әлемнің оннан астам қаласында «Салтанат үшін» және Қазақстандағы фемицидке қарсы акция өтті

Поделиться:

 

Шетелде жүрген қазақстандықтар акция ұйымдастырды. Жиындар 13 сәуірде Италияда (Больнья, Флоренция, Турин, Милан, Рим), АҚШ-та (Нью-Йорк, Сан-Франциско), Испанияда (Барселона), Ұлыбританияда (Лондон), Германияда (Мюнхен), сондай-ақ 14 сәуірде Нидерландта (Амстердам), Мажарстанда (Будапешт), Францияда (Париж) және Грузияда (Тбилиси) өтті.

Митингіге шыққан азаматтар «Әр әйел — жалғызым», «We want justice» (Әділдікті қалаймыз), «Зорлық-зомбылық ақталмайды» және тағы басқа ұрандарды айтты. Олар сондай-ақ марқұм Салтанат Нүкенова бейнеленген плакаттарды ұстап тұрды.

Еске салайық, Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.

Наурыздың соңында сот отырыстары басталды. Бишімбаев істі алқабилердің қарауын сұрады.

Ал парламент отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заң қабылдады. Енді ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана зиян келтіру қылмыстық іске жатады.

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также