Выберите город

Всего 160 городов в 5 странах

«Касперский зертханасы»: алаяқтар Netflix-тің қазақ тілді  қолданушыларына шабуыл жасауда

Поделиться:

«Касперский зертханасының» сарапшылары қазақ тіліне белгілі скам-таратылымның жергіліктендірілген түрін анықтады. Пайдаланушыға Netflix-тен төлем деректерімен кедергілер туралы ескерту келеді. Сілтемемен өткенде жәбірленуші стримингтік қызметтің жалған сайтына түседі, онда оған жазылымды жаңарту және төлем ақпараты бар нысанды толтыру ұсынылады. Бұл ақпараттық таратылымның айырмашылығы, әдетте, алаяқтар ресурстың негізгі мақсатты аудиториясына назар аудара отырып, ағылшын тілінде осындай хабарламаларды таратады. Белгілі бір аймақ үшін жергіліктендіру бірінші рет кездесті.

Таратылым электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады. Оның мақсаты-жәбірленушінің деректеріне, банктік шоттарға, карточкалық шоттарға қол жеткізу немесе осы ақпаратты даркнетте сату.

2.Жалған сайтта дербес және банктік деректерді енгізуге арналған нысан

Әр түрлі тілдерге аударма жасау еңбекті қажет етеді, сондықтан әртүрлі елдерге бейімделген жаппай алаяқтық таратылымдар сирек кездеседі. Алайда, нейрондық желілердің дамуы және оларды зиянкестердің машиналық аударма үшін қолдануы осындай скам-хаттардың пайда болу себептерінің бірі болуы мүмкін.

«Бұл тәсімнің пайда болғанына  бірнеше жыл өтті, алайда  қазақ немесе басқа тілдердегі нұсқалар бұрын соңды кездеспеген. Зиянкестер өз мақсаттары үшін үлкен тілдік модельдерді көбірек қолданады, олардың арасында зиянды хабарламаларды жергіліктендіру ғана емес, сонымен қатар басқа жалған контент жасау да бар, — деп атап өтті «Касперский Зертханасының»киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшысы Роман Деденок. — Стримингтік қызметтер әртүрлі елдерде танымал, сондықтан олар пайдаланушының назарын аудару үшін жиі қолданылады. Телехикаялар мен кино әуесқойлары үшін интернеттегі қырағылық киберқауіпсіздіктің негізгі ережесі екенін есте ұстаған жөн».

Алаяқтардың құрбаны болмас үшін «Касперский зертханасы» ұсынады:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Войдите, чтобы оставить комментарий

Введите почту, получите PIN-код и готово!

Код отправлен на {{ authEmail }}

Введите пароль для {{ authEmail }}

{{ authError }}

Пожаловаться на новость

Оставить комментарий

Если материал нарушает права или содержит недопустимый контент:

Сообщение успешно отправлено!
{{ errorText }}

Читайте также